«ҚМПИ Жаршысы» –пәнаралық байланыстарды қарастыратын қазақстандық журнал.
ЖОО оқытушылары мен студенттерінің жарияланымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында 2005 жылдың қаңтарынан бастап, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жаркова В.И., ұсынысының негізінде журнал жыл барысында 4 рет жарияланады (қаңтар, сәуір, ишілде, тамыз).
Материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көреді.
«ҚМПИ Жаршысында» бұрын жарияланбаған әлеуметтік-гуманитарлық, физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химиялық-технологиялық, экономикалық ғылымдар салалары және халықаралық байланыстар бойынша өзекті мәселелерді қамтитын мақалалар жарияланады.
Мақаланы жариялау шешімі редакциялық алқа журналдың материалдарына сын-пікір жазғаннан кейін шығарылады.
Мақалалар келесі бөлімдер арқылы орналыстырылады:
- Теориялық және аналитикалық-шолу зерттеулер;
- Эмпирикалық зерттеулер;
- Пәндерді оқыту әдістемесі және технологиясы;
- Жас зерттеушілердің ғылыми еңбектері.
Журнал оқырмандары: отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы, қазақстақ және шетелдік ЖОО студенттері, мектеп педагогтары.
Басылым идентификаторы: ISSN 2310-3353.
Жазылым индексі: 74081.